Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар ауылы  Достық көшесі №8
+7 (72636) 2-92-93
+7 775 4719212
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің "Ақбұлақ" бөбекжай-бақшасы МКҚК

х а б а р л а н д ы р у
1.Мекен-жайы: 080413 Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар ауылы Достық көшесі №8, Байланыс телефоны: 8723629293 жұмыс-факс, 87754719212 ұялы тел. Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Ақбұлақ» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
2.Негізгі функционалдық міндеттері:
2.1. Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады.
2.2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді.
2.3. Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды.
2.4.Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды;
2.5.Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып ұйымдастырылған оқу қызметін,дамыту жұмыстарын жоспарлайды.
2.6.Тәрбиелеу мен ҰІӘ-те қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.
2.7.Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.
2.8.Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.
2.9.Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
2.10 Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді.
2.11. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгереді.
2.12.Еңбекті қорғау нормалары мен ережелері,техника қауіпсіздігі,өрт қауіпсіздіктерін сақтайды,топтағы арнайы киімнің жағдайын бақылайды.
2.13.Балаларды тәрбиелеу, ҰІӘ-де және тамақтандыру кезінде санитарлық талаптың орындалуын қадағалайды.Тәрбиеші көмекшісінің жұмысын басқарады.
2.14.Қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетеді;
3.Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы:
Еңбекақы мөлшері:* орташа есеппен ~ 239148 теңге.
Еңбекақы төлеу мерзімі: келесі айдың 10 –на дейін
4.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
4.1."Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін - 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін - кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.
4.2.Кәсіби құзыреттіліктіі айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог": мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу; жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру; перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу; тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру; әдістемелік жұмысқа қатысу; балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу; кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану; аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; өзінің кәсіби біліктілігін арттыру; білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог-сарапшы": педагог-модераторға қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу; балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігін білу; балалардың зерттеу дағдыларын дамыту; балалардың аудандық, қалалық байқауларға қатысуын жүзеге асыру; әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; өзінің кәсіби біліктілігін арттыру; ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану; тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын айқындау: білім беру ұйымы деңгейінде, аудан/қала деңгейінде өзінің және әріптестерінің болуы, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;
4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу; балалардың зерттеу дағдыларын дамыту; балалардың қалалық, облыстық байқауларға қатысуын жүзеге асыру; тәлімгерлікті қолдану; көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану; мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану; аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы; сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын білу, әрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау; облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстарға және конференцияларға қатысу; оқу бағдарламаларын, тәрбие және оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану; балалардың қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру;РОӘК-те мақұлданған, жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс; жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету; тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушыларын дайындау.
5.Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2026 жылдың 15 қыркүйегі мен 23 қыркүйегінен (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні есептеледі);
Конкурстық комиссия отырысы-2025 жылдың 24 қыркүйегі мен 28 қыркүйек күндерінде (5 жұмыс күні)
4) қажетті құжаттар тізбесі: Құжаттарды қабылдау тек «Педагог» модулі арқылы электронды түрде жүргізіледі. https://hr.nobd.edu.kz
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер тиісті ақпараттық жүйе арқылы келесі құжаттардың электронды көшірмелерін жолдайды: 1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген нысан бойынша); 2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері (Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес); 5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8. Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10. Бағалау парағы (Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы). --
ГККП Ак булак Джангарашева