Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар ауылы  Достық көшесі №8
+7 (72636) 2-92-93
+7 775 4719212
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің "Ақбұлақ" бөбекжай-бақшасы МКҚК

«Жамбыл облысы білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Ақбұлақ» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында уақытша бос тәрбиеші лауазымына конкурс өткізу туралы 
хабарландыру
1.Мекен-жайы: 080413 Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар ауылы Достық көшесі №8, Байланыс телефоны: 8723629293 жұмыс-факс, 87754719212 ұялы тел. Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Ақбұлақ» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, уақытша бос тәрбиеші лауазымы
2) негізгі функционалдық міндеттері: 
2.1. Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады.
2.2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді.
2.3. Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды. 2.4.Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды;
2.5.Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып ұйымдастырылған оқу қызметін,дамыту жұмыстарын жоспарлайды. 
2.6.Тәрбиелеу мен ҰО қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды. 
2.7.Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады. 2.8.Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді. 
2.9.Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
 2.10 Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді.
2.11. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгереді.
2.12.Еңбекті қорғау нормалары мен ережелері,техника қауіпсіздігі,өрт қауіпсіздіктерін сақтайды,топтағы арнайы киімнің жағдайын бақылайды. 
2.13.Балаларды тәрбиелеу, ҰОҚ-де және тамақтандыру кезінде санитарлық талаптың орындалуын қадағалайды.Тәрбиеші көмекшісінің жұмысын басқарады. 
2.14.Қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетеді; 

Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: Негізгі қызметкердің еңбек демалысында болу мерзіміне. Еңбекақы мөлшері:* еңбек өтілі 8.0 жыл ~163946 теңге, еңбекақы төлеу мерзімі: келесі айдың 10 –на дейін
3) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары - орта арнаулы,жоғары немесе жоғарыдан кейінгі мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы бойынша білімінің болуы
3) құжаттарды қабылдау мерзімі -конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні есептеледі;
 4) қажетті құжаттар тізбесі:
1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
6) уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі- негізгі қызметкердің еңбек демалысында болу мерзіміне