Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар ауылы  Достық көшесі №8
+7 (72636) 2-92-93
+7 775 4719212
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің "Ақбұлақ" бөбекжай-бақшасы МКҚК

Құрметті ата-аналар, педагогтар және ауыл тұрғындары!

«Ақбұлақ» бөбекжай-бақшасы» МКҚК-ның қолданыстағы Қамқоршылық кеңесі өкілеттігінің мерзімі аяқталуына байланысты, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің заңнамалық талаптары мен соңғы өзгерістеріне сәйкес, жаңа құрамға мүшелер қабылдау туралы хабарлайды.

Қамқоршылық кеңестің мақсаты — білім беру ұйымының дамуына, материалдық-техникалық базасының нығаюына, тәрбиеленушілердің құқықтарын қорғауға және мекеме жұмысының ашықтығын  қамтамасыз етуге көмектесу.

     Кімдер Қамқоршылық кеңестің мүшесі бола алады?

Заңнамаға сәйкес, кеңес құрамына келесі санат өкілдері шақырылады:

  1. Білім беру ұйымында тәрбиеленіп жатқан балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері ;
  2. Құқық қорғау немесе өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері;
  3. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілдері;
  4. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;
  5. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (болған жағдайда);
  6. Демеушілер мен меценаттар.

Қажетті құжаттар тізімі:

    Кеңес мүшелігіне үміткерлер келесі құжаттарды өткізуі тиіс:

  • Өтініш ;
  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • Түйіндеме ;
  • Ата-аналар үшін: Баланың осы мекемеде тәрбиеленіп жатқанын растайтын мәлімет.

 Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны:

Балаларымыздың жарқын болашағы мен балабақшамыздың дамуына бейжай қарамайтын, белсенді азаматтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз!

«Aқбұлақ» бөбекжай-бақшасының әкімшілігі